Физика философиясы

Views:
 
Category: Education
     
 

Presentation Description

No description available.

Comments

Presentation Transcript

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті:

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Физиканың ғылым тарихы мен философиясы Орындаған: МФ-11 н тобының магистранты Калихан Балхаш

PowerPoint Presentation:

ФИЗИКА (грек. physike , р h у sis— табиғат ) — өріс пен заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым

Философия мен физиканың байланысы:

Философия мен физиканың байланысы

Физика – ертедегі грек ғылымында:

Физика – ертедегі грек ғылымында Аристотель “Физика” атты еңбегінде материя мен қозғалыс туралы, кеңістік пен уақыт, шектілік пен шексіздік, өмірдегі себеп – салдар туралы мәселелерді қарастырды. Өзінің “Аспан туралы” деген еңбегінде ол Жердің жайпақ тарелка тәріздес емес, дөңгелек шар екендігіне екі салмақты дәлел келтіреді. 1. Айдың тұтылуы Жер Ай мен Күннің арасына келгенде болатындығын аңғарды. Жер Айға ылғи да дөңгелек көлеңке түсіреді, ал бұл жағдай егер Жер шар тәріздес болса ғана болуы мүмкін. 2. Поляр жұлдызының аспанда оңтүстік аймақтарда, солтүстіктегіге қарағанда, төменірек орналасатынын білді. Аристотель Жер қозғалмайды деп жорамалдап, ал Күн, Ай, ғаламшарлар мен жұлдыздар оны шеңберлік орбиталар бойынша айналып жүреді деп тұжырымдады. Астрономияны, космология мен физиканы түбегейлі өзгерткен бірінші жаратылыстық – ғылыми төңкерісті Аристотельдікі деп атау өте орынды.

Антикалық философиядағы физика:

Антикалық философиядағы физика Демокрит ілімінің мәні мынада: Атомдар мен таза кеңістіктен басқа ештеңе де жоқ; Атомдар саны жағынан шексіз және қалпы жағынан әр түрлі; “Ештеңе жоқтықтан” ештеңе шықпайды; Ештеңе де кездейсоқ болмайды, тек қана белгілі бір негізге және қажеттілікке байланысты болады; Заттар арасындағы айырмашылық олардың атомдарының санының айырмашылығына байланысты болады . ДЕМОКРИТ

Эллинизм дәуіріндегі физиканың дамуы:

Эллинизм дәуіріндегі физиканың дамуы Александр Македонскийдің жеңістерінен кейін грек мәдениеті мен ғылымы осы империяның барлық елдеріне тарай бастады. Осы кезең эллинизм дәуірі деп аталады. Бұл кезеңде ғылымның жеке даралануы басталды. Осы кезеңде физикаға үлес қосқан ғалымдар: Аристарх Самосский Архимед Гиппарх

PowerPoint Presentation:

Эллинизм кезеңінің үлкен астрономы Аристарх Самосский (б.э.д. III ғ.) Жер мен Айдың ара қашықтығын анықтады және Әлемнің жаңа бейне құрылысы туралы өзінің гипотезасын жасады. Оның теориясы бойынша Әлемнің ортасында Күн тұр, ал оның айналасында Жер мен басқа планеталар орналасқан. Осы ілімі көп ғасырлардан кейін Коперниктің жұмысында қолдау тауып, дамыды.

PowerPoint Presentation:

Ежелгі дүниенің басқа бір көрнекті ғалымы Архимед (б.з.д. 287- 212). Ол механика заңдарын жұмыс істейтін машиналар құрылмай тұрып, іске асыруға талпынған математикалық физиканың алғашқы өкілі болды. Ол физикаға иінтірек заңын, салмақ ортасы туралы ілім, денелердің жүзуі сияқты ұғымдарды енгізді. Қазіргі кезде Архимед заңы жалпыға танымал болып табылады. Бұл заң “Денелердің жүзуі туралы” шығармасында баяндалған, мұнда ол қисынды пікірлер жолымен мынадай тұжырымға келеді: “ Сұйыққа батырылған денеге дене ығыстырған сұйықтың салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді”. Маған тірек нүктесін берсеңдер,сонда мен Жерді аудара аламын .

PowerPoint Presentation:

Эллинизмнің екінші бір астрономы Гиппарх (б.з.д. II ғ.) Күн өзінің Жермен арадағы қашықтығын үнемі өзгертіп отыратындығын байқады. Осы қарама – қайшылықты жою үшін ол эксцентрик теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша аспан денелерінің дөңгелек орбиталарының ортасы Жердің ортасымен сәйкес келмейді. Бірақ бұл теория барлық байқалатын аспан денелерінің қозғалысына толық сәйкес келе бермеді .

Физиканың ертедегі римдік кезеңі :

Физиканың ертедегі римдік кезеңі Клавдий Птоломей Клавдий Птоломей б.э. 100 – 170 жылдары өмір сүрді. Оның ғылыми жұмыстарының ішіндегі “Ұлы құрылыс” еңбегін сол дәуірдің астрономиялық білімінің негізгі жетістігі деуге болады. Әлем бейнесін математикалық сипаттауға арналған бұл еңбекте аспан денелері дөңгелек шеңбер бойынша қозғалады, ал осы орбиталардың ортасы Жерді айнала қозғалады деп көрсетілді. Птоломей Аристотельдің геоцентрлік идеясын дүниенің толық космологиялық үлгісіне айналдырды. Математикалық дәлелденген әлемнің бұл бейнесі ғылымда 14 ғасыр бойы, ал шіркеуде – 17 ғасыр бойы қолданылып, сол уақыттағы көптеген ғылымдардың көзқарасына негіз болды. Птоломей адам тағдыры мен жұлдыздар арасындағы байланысты іздей отырып, өзінің “Тетрабиблос” деген еңбегін қалдырды.

Араб әлемінің физикаға қосқан үлесі:

Араб әлемінің физикаға қосқан үлесі   Египет физигі Әл-Хайсам оптикалық зерттеулер жүргізді . Ол көздің көру теориясын жетілдірді , эксперименттер жүргізіп, құралдар жасады . Алхазеннің «Оптика кітабы » атты еңбегі 12 ғ-да латын тіліне аударылды . Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғылымдар араб мәдениеті мен ғылымың одан әрі дамытты . Әбу Насыр әл-Фараби өзінің «Вакуум» атты трактатында ежелгі гректерде қолданылған эксперименттік тәсілдер мен физика ғылымының сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып , «абсолют вакуумның » жоқ екендігін дәлелдеуге ұмтылды Бируни жердің шар тәрізділігін қолдап, оның шеңберінің ұзындығының шамасын дәлелдеді. Сонымен қатар өзі жасаған құралдың көмегімен металдар мен кейбір заттардың меншікті салмағын аса үлкен дәлдікпен анықтады

PowerPoint Presentation:

Николай Коперник (1473-1543) – поляк астрономы және философы. Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды , оның себебі теңіз саласының дамуы еді . Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперниктің басты еңбегі : « Аспан сфераларының айналуы ». Негізгі идеясы : Аристель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ашу : 1) Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес , ол өзінің өсімен айналады ; 2) Дүниенің ортасы – Күн , Жер осы Күнді айналады ; 3) Ай Жердің серігі . Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыруға деген талпыныс еді . Жаңа заман ғылымындағы физика Исаак Ньютон (1643 – 1727) - ағылшын   физигі ,  математигі , астрономы, философы,  алхимигі   және теологы . Оның 1687 жылы жарық көрген   « Табиғи философияның математикалық бастаулары »   деген кітабы   ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады . Осы еңбегінде Ньютон  бүкіләлемдік тартылыс заңын және   қозғалыс заңдарын тұжырымдап , содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын   классикалық механиканың негізін қалады .

Физиканың XIX ғ. мен XX ғ. бас кезіндегі даму кезеңдері :

Физиканың XIX ғ. мен XX ғ. бас кезіндегі даму кезеңдері Максвелл (1831 – 1879 ) – ағылшын физигі және математигі. Ол физикаға электромагниттік өріс ұғымен енгізді. Өзіне дейінгі эксперименталдық жолмен ашылған электромагниттік құбылыс заңдары мен Фарадейдің ашқан электромагнитизм индукциясы құбылысын біріктірді. Альберт Эйнштейн (1879 – 1955) - физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі . Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы ”.   Бұл теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды .

Физикалық зерттеулердің нәтижелері өндірісте, техникада қолданылады:

Физикалық зерттеулердің нәтижелері өндірісте, техникада қолданылады

1895 жылы 7 мамырда А.С. Попов тұңғыш радиоқабылдағышты ойлап тапты :

1895 жылы 7 мамырда А.С. Попов тұңғыш радиоқабылдағышты ойлап тапты Алғашқы радиоқабыл-дағыштар

1895 жылы 7 мамырда А.С. Попов тұңғыш радиоқабылдағышты ойлап тапты :

1895 жылы 7 мамырда А.С. Попов тұңғыш радиоқабылдағышты ойлап тапты Электромагниттік толқындардың қолданылуы

Ұялы байланыс және радио байланыс:

Ұялы байланыс және радио байланыс

Радиоастрономия:

Радиоастрономия

Электромагниттік толқындар медицинада:

Электромагниттік толқындар медицинада

authorStream Live Help