Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы мен философиясы

Views:
 
Category: Education
     
 

Presentation Description

No description available.

Comments

Presentation Transcript

Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы мен философиясы:

Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы мен философиясы 2013 ж

Ерте кездердегі зерттеулер:

Ерте кездердегі зерттеулер

Геродот (б.з.б. V ғ) :

Геродот (б.з.б. V ғ)

Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен. Геродот жасаған «Жер пішіні» картасында Сар (Еділ), Лик (Жайық), Сергис (Жем) өзендері белгіленген.:

Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен. Геродот жасаған «Жер пішіні» картасында Сар (Еділ), Лик (Жайық), Сергис (Жем) өзендері белгіленген.

Геродот жасаған «Жер пішіні» картасы:

Геродот жасаған «Жер пішіні» картасы

Страбон (б.з.б. 63-24 ж):

Страбон (б.з.б. 63-24 ж)

PowerPoint Presentation:

Каспий теңізін тұйық алап емес , Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған . Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деп ойлаған . Арал теңізін   Каспийдің шығанағы («Скиф шығанағы ») деп есептеген . Ол Сырдария  ( Яксарт ) мен Әмудария  ( Окс ) жөнінде дұрыс мәлімет қалдырған .

«Скиф шығанағы»:

«Скиф шығанағы»

Птолемей (б.з. 90-160 ж):

Птолемей (б.з. 90-160 ж)

PowerPoint Presentation:

Птолемей, негізінен , картографиялық бағыт ұстанған . Ол өзінің « Географияға жетекші » атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған . Ол Геродот сияқты , Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен . Бірақ оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған күйде қате бейнелеген . Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп ойлаған . Арал теңізін ( Оксиан ) картаға түсірген . Алыс өлкелердің картаға түсірілуіндегі қателіктеріне қарамастан , Птолемей ежелгі дүние елдерін сызып бейнелеп , ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде , күннің ұзақтығын анықтауда көп жаңалықтар ашты .

Птолемейдің карталары:

Птолемейдің карталары

Чжан Цянь:

Чжан Цянь Қазақ жерін б.з.б. І-ІІ ғасырлардан бастап зерттейді. Оның жазбаларында Жетісу бойының, оны мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы, Ақсу, Шу, Талас елдері туралы мәліметтер сақталған. Орталық және Орта Азияның картасын жасаған.

Қазақ жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер:

Қазақ жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер

PowerPoint Presentation:

Қазақстан табиғатын танып білуде Шығыс үлгісінде білім алған ортаазиялық оқымыстылардың да еңбегі зор. Олардың ішінде әл-Фараби мен Махмуд Қашқари сияқты белгілі ғұламалар бар.

Әбу Насыр әл-Фараби:

Ол табиғаттану туралы ойларын математикалы қ есептерге негіздеген. Математика арқылы қалалардыңорнын анықтауға, географиялық бағытты айыруға тырысады. Осыған лайықтап күнтізбе жасаған. Әбу Насыр әл-Фараби

Қазақстан жерін зерттеген саяхатшылар жолы:

Қазақстан жерін зерттеген саяхатшылар жолы

Махмуд Қашқари:

Махмуд Қашқари Махмуд Қашқаридың дөңгелек картасы Қалалар мен елдерді Ыстықкөл айналасына шоғырландырған. Орта Азия жерін таулар және жазықтыққа бөліп берген.

Плано Карпини Вильгельм де Рубрук :

Моңғолияға бет алып жүріп өткен жолындағы Жайық өзені, Тянь-Шань, Тарбағатай таулары, Сырдария жайлы мәліметтер қалдырған Плано Карпини Вильгельм де Рубрук Рубрук Еділ, Жайық, Мұғалжар, Арал, Шу, Жетісу, Іле, Балқаш, т.б. өзіне кездескен нысандарды сипаттаған.

Вильгельм де Рубруктың елдерді зерттеген жолы:

Вильгельм де Рубруктың елдерді зерттеген жолы

XVI-XIX ғасырларда Қазақстан жерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу:

XVI-XIX ғасырларда Қазақстан жерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

П.П. Семенов-Тянь-Шанский:

П.П. Семенов-Тянь-Шанский

PowerPoint Presentation:

Еуропалы қ ғалымдарының ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқыларының бірі. 1857-1858 жылдары ол Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасап, Хантәңірі шыңының бөктеріне дейін жеткен. Сырдарияның бастауын зерттеп , Шу өзеннің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдеді . 50 тау шыңының биіктігін өлшеп , 23 асуды зерттеді , 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады . Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы , Жоңғар ( Жетісу ) Алатауы , Іле жазығы деген атаулар енгізді . Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі Орта Азиялық экспедиторлары ұйымдастырылды . Семенов Тян-Шанский шет елдік және ресейлік 53 ғылымының мекеменің құрметті мүшесі , 20 ғылым қоғамның мүшесі болып сайланды . Семенов Тян-Шанский есімімен ондаған тау шыңдары мен мұздықтар , 30-ға тарта өсімдік , көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады .

П.П. Семеновтың Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньға саяхаты:

П.П. Семеновтың Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньға саяхаты

Н.А. Северцов (1827-1885):

Н.А. Северцов (1827-1885)

PowerPoint Presentation:

Қазақстандағы зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен Тұспа-тұс келеді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт мен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А.Северцов Қазақстан жерінде  1857 – 1879 жылдары Орта Азия мен Қазақстан жерін зерттеп , алқап орографиясы , геологиясы , өсімдігі мен жануарлары жөнінде бай деректер жинады , оның табиғатына алғаш рет кешенді-географиялық сипаттама берді .

И.В. Мушкетов (1850-1902):

И.В. Мушкетов (1850-1902)

PowerPoint Presentation:

Тамаша геолог болуымен қатар, физикалық география саласындағы ірі маман еді. Оның геологиялық зерттеулері физикалық географияның көп мәселелерін шешуге, табиғат құбылыстарының пайда болуы мен заңдылығын анықтауға көмектесті. 1875-1876 жылдары И.В.Мушкетов Тянь-Шаньның солтүстігі мен Жоңғар Алатауына үлкен саяхат жасап, Әулиеата қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алқабын, Боаш шатқалын, Ыстықкөлді зерттейді. 1881 жылы алғашқы геологиялық картасын жасады. 1887 жылы Верныйда болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жер әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.

А.Н.Краснов (1862-1914):

А.Н.Краснов (1862-1914)

PowerPoint Presentation:

Краснов негізінен Тянь-Шань тау жүйесі мен Балқаш көлі маңындағы шөлді аймақтың өсімдіктер жамылғысын зерттеді. Ол топырақ пен өсімдік арасындағы байланысты анықтап, физикалық-географиялық жағдайлардың өсімдіктерге тигізетін әсерін, әсіресе, мұз басқан жерлердегі өсімдіктер бойындағы өзгерістерді анықтады. Тянь-Шань өсімдіктерін еуропалық түрлермен салыстырып, олардың қалыптасу тарихы мен дамуын сипаттап жазды.

Л.С.Берг (1876-1950):

Л.С.Берг (1876-1950)

PowerPoint Presentation:

Берг Лев Семенович   – ғалым , география ғылымының докторы (1908), профессор (1914), КСРО ҒА- ның академигі (1946), Ресейдің еңбек   сіңірген ғылыми қайраткері (1934 ). Мәскеу   университетін бітірген (1898 ). Берг География   институтын ұйымдастырушыларының (1918) бірі . Бұл институт кейін Ленинград университеттінің география   кафедрасына айналғаннан кейін (1925) өмірінің соңына дейін осы кафедраның меңгерушісі (1925 – 50). 1898 – 03 жылы Батыс Сібір , солтүстік Қазақстанның   көп көлдерін , Балқашты , Арал теңізін   зерттеді . «Арал теңізі »   физ -география тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады . Осы еңбегі үшін Бергке Ресей География   қоғамының П.П . Семенов Тянь-Шаньский   атындағы медалі берілді . Бергтің негізгі ғылыми еңбектері физика   географияның жалпы мәселелеріне , жеке аймақтар мен аудандар географиясына , геоморфологияға , көл зерттеуге , палеонтологияға , зоологияға , жалпы биологияға , география тарихына , ихтиология, тағы басқаларға арналған . Ол табиғат бедері туралы В.В . Докучаев   ілімін дамытты , география ландшафт   ілімінің негізін салды.Қазақстан табиғатын зерттеуге үлкен үлес қосты .  Теңіз , Балқаш   көлдерінің , Арал   теңізінің толық география сипаттамасын берді . География әдебиеттерде Торғай қолатын , Сарыарқаны дербес геоморфология аймақ ретінде жеке бөлді . Қазақстанды физика-география   аудандарға бөлу де Бергтің еңбектерінен басталады . Берг 1904 жылдан Орыс география қоғамының мүшесі , 1940 – 50 жылы КСРО география қоғамының президенті , КСРО   Мемлекеттік сыйлығын алған . (1954). Ол бірнеше орден, медальдармен марапатталған . Памирдегі бір шың , Курил аралдарындағы жанартау , Жетісу Алатауы мен Памирдегі мұздық , 60-тан аса өсімдік пен жануар Берг есімімен аталған

PowerPoint Presentation:

Қазақстан жерінің жаңа дәуірде зерттелуі

Ш.Ш. Уәлиханов – география саласындағы әрі географ-ғалым ретінде ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. 1858-1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.:

Ш.Ш. Уәлиханов – география саласындағы әрі географ-ғалым ретінде ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. 1858-1859 жылдардағы  Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан  «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы»  атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.

Г.Н. Потанин (1835-1920):

Орта Азияның   табиғатын , этнографиясын зерттеген   саяхатшы , географ, этнограф, фольклоршы . Г.Н. Потанин (1835-1920)

PowerPoint Presentation:

Г.Н . Потанин Орталық Азияға алғашқы саяхатын 1863 жылы жасады . Орталық Азияға 8 рет саяхат жасап , 36 жыл бойы , 1899 жылға дейін , ауыр жағдайда жүріп қажымай-талмай зерттеді . Орыс География ғылымына көп еңбек етіп , үлкен жаңалықтар қосты . Ғалым , географ алғашқы зерттеу жұмыстарын өзінің туған Отаны Қазақстан жеріне бастады . 1863 жылғы бірінші экспедициясында Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырын зерттеді , 1864 жылы – Тарбағатайды , бұдан кейін 1876 жылдан бастап Орталық Азияны зерттеуге кірісті . Ол 1876–1877, 1879-1880, 1883-1886, 1892-1893 жылдары саяхат жасады .

Қ.И. Сәтбаев (1899-1963):

Қ.И. Сәтбаев (1899-1963)

PowerPoint Presentation:

Қаныш Имантайұлы минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа , Кенді Алтай сияқты аймақтарды ерекше назар аудара зерттеді . 1927-28 жылдары Жезказған , Қарсақпай , Атбасар, Спасск аудандары , Қарағанды тас көмір бассейні және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектері жарияланды . Жезқазған-Ұлытау аудандарында Сәтбаев мыстан басқа темір ( Қарсақпай ), марганец ( Жезді ), көмір , қорғасын ( Қорғасын ) кендерін ашып барлады . 1950 ж. Сәтбаев және оның шәкірттері кеңестік геологиялық ғылымының аса маңызды туындыларының бірі - Сарыарканың металлогендік және болжам карталарын жасау жұмыстары үлкен нәтиже берді . Олардын , құнды географиялық кешенді зерттеулері тұңғыш рет елімізде тақырыптық карталар жасалу бастамасы болды . Осы жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Қазақстан табиғатын толық зерттеу мақсатында бірнеше ғылыми экспедициялар ұйымдастырды . География секторы ( кейіннен институт), топырақтану , ботаника, геология институттары мен жоғары оқу орындарының мамандары күш біріктіріп , табиғат компоненттерін зерттеуге кірісті . Қ азақстанның минералдык , шикізат , гидроэнергетикалық қорлары , таулы аудандардың физикалық-географиялық жағдайы , шөл - шөлейт өңірлерді халық шаруашылығына пайдалану жолдары , жеке аудандардың микроклиматы мен жылу балансы, республиканың су қоры , топырақ , өсімдік жамылғысы , жануарлар дүниесі жан-жақты зерттелді . Қазақстан аумағын барлық сала бойынша картаға түсіру ісі аяқталды . Осы мол материал « Қазақстан » (1950 ж.), « Қазақстан физикалық географиясының очеркі » (1952 ж.) атты үжымдық зерттеулер мен « Қазақстанның климаты», « Жер беті суларының ресурстары », « Қазақстан табиғаты » сияқты салалық жинақтарда ғылыми тұрғыда қорытылды . Республика аумағын аудандастырудың жаңа нұсқалары жасалып , жаңа атластар құрастырылды . Ландшафтылык , зерттеулер өріс алды . Адамның шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеруі жағдайлары зерттеліп , табиғатты қорғау ісі қолға алынды . География ғылымының бір саласы есебінде экология дамыды . Ғылыми ой- пікірдің өрістеуіне байланысты табиғатты зерттеудің жаңа тәсілдері ( аэротәсілдер , компьютерлік болжамдау ) қолданыла бастады . Бұрын география ғылымы жаңа жерлер ашумен , оның табиғи ерекшеліктерін анықтаумен шұғылданса , ендігі жерде қоршаған ортаның өзгерістері мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалануды және оның тұтастығын кешенді зерттейтін іргелі ғылым ретінде таныла түсті .

PowerPoint Presentation:

Назарларыңызға рахмет!!! Орындаған: МГ-11н тобының магистранты Досова М.Т.

authorStream Live Help