Химия тарихы және философиясы

Views:
 
Category: Education
     
 

Presentation Description

No description available.

Comments

Presentation Transcript

Химия тарихы және философиясы:

Химия тарихы және философиясы Орындаған: Байкен Аманкелди С. Торайғыров атындағы ПМУ магистранты МХ – 11н тобы

Химия – заттардың бір - біріне айналып өзгеруін зерттейтін ғылым. Химия – заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістермен қабат болытын құбылыстарды зерттейтін ғылым. Химик бір құбылысты немесе процесті зерттеп отырғанда, келген ойының, жорамалының дұрыс екенін білу үшін тәжірибе қойып шешеді. Ондай жорамалды гипотеза деп атайды. Егер тәжірибе жүзінде гипотезының дұрыстығы анықталса, ол тек бір бұл құбылыс емес, жаңа құбылыстарды түсіндеруге жол ашатын болса, онан шығатын қорытындылар ақиқат шындыққа дәл келіп жатса, онда гипотеза теорияға айналады. Химия ғылымы алдына қойған міндеттерді шешуде бақылау, гипотеза, тәжірибені негізгі зерттеу әдістері ретінде пайдаланып, олардың нәтижесінде анықталған мәліметтерді түсіндіру үшін теорияларды басшылыққа алады. :

Химия – заттардың бір - біріне айналып өзгеруін зерттейтін ғылым. Химия – заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістермен қабат болытын құбылыстарды зерттейтін ғылым. Химик бір құбылысты немесе процесті зерттеп отырғанда, келген ойының, жорамалының дұрыс екенін білу үшін тәжірибе қойып шешеді. Ондай жорамалды гипотеза деп атайды. Егер тәжірибе жүзінде гипотезының дұрыстығы анықталса, ол тек бір бұл құбылыс емес, жаңа құбылыстарды түсіндеруге жол ашатын болса, онан шығатын қорытындылар ақиқат шындыққа дәл келіп жатса, онда гипотеза теорияға айналады. Химия ғылымы алдына қойған міндеттерді шешуде бақылау, гипотеза, тәжірибені негізгі зерттеу әдістері ретінде пайдаланып, олардың нәтижесінде анықталған мәліметтерді түсіндіру үшін теорияларды басшылыққа алады.

Химия өте ертеде пайда болған ғылым. Химия негізінен күнделікті өмірге қажеттіліктен туған. Біздің эрамызға дейінгі 3-4мың жыл бұрын да химиялық өндіріс болған. Ертедегі Египетте түрлі кендерден таза металдар (темір. қорғасын, мыс, қалайы) алуды білген, алтын, күміс құймалар, шыны ыдыс-аяқ, түрлі бояулар, иіс су өндіре алған. Сондай-ақ, химиялық өндіріс ертедегі Мессопотамия, Индия және Қытайда дамыған. :

Химия өте ертеде пайда болған ғылым. Химия негізінен күнделікті өмірге қажеттіліктен туған. Біздің эрамызға дейінгі 3-4мың жыл бұрын да химиялық өндіріс болған. Ертедегі Египетте түрлі кендерден таза металдар (темір. қорғасын, мыс, қалайы) алуды білген, алтын, күміс құймалар, шыны ыдыс-аяқ, түрлі бояулар, иіс су өндіре алған. Сондай-ақ, химиялық өндіріс ертедегі Мессопотамия, Индия және Қытайда дамыған. Химиялық өндіріс

PowerPoint Presentation:

Темір және оның қосылыстары А л т ы н Қорғасын

PowerPoint Presentation:

Ерте кезде Аристотель ілімі үстем болды. Оның ілімінің негізгі мәні затта емес, оның қасиеттерінде, заттың қасиетін өзгертсе, зат өзі өзгереді дейтін. Заттарды өзгертуші “ квинтэссенция” деген бар деді. Оның ілімін шіркеу қолдап, оны мүлтіксіз, құдай сөзіндей деп танытты. Аристотель ілімінің әсерінен, жай металдарды алтынға айналдыруға болады деген ағым туды. Ол үшін квинтэссенцияның бір түрі – “ философия тасын ” табу керек болды. Сондықтан көптеген ғалымдар «философиялық тасты» іздеумен шұғылданды. Әркім өзінің істерін құпияда ұстады. Олардың ойынша «философиялық тас» адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді және ауруды сауықтырады деп ойлады. Аристотель б.з.б 384-322

PowerPoint Presentation:

Осы кезде алхимия екі бағытта дамыды: Европада   Гебер  ( Geber) атымен белгілі араб ғалымы , дәрігер , математика, алхимия, философия т.б. ілім салаларынан жазған көп ғылыми еңбектері бар. Көптеген шығармаларының ішінде алхимия жөніндегі кітаптары көбірек пайдаланылған . Олардың маңыздысы тек 1927-29 ж. Каир , Стамбул кітапханаларында араб қолжазбаларынан табылған . Жабир ибн Хаиян өз заманында әр түрлі заттарды алу және тазарту тәсілдерін толық жазған : еру, кристалдану , айдау , сұйылмай булану т.б., сонымен қатар көптеген хим.препараттар алу әдісін ( мысалы , азот қышқылы , азот қышқыл күміс , мұсатыр , алмас ), матаны бояуды т.б. түсіндірді . Араб алхимиясы Абу Абдаллах Жабир ибн Хаиян ад-Азди ас-Суфи  . ( 721 - 815 )

PowerPoint Presentation:

(Авиценна-Әбу Насыр ибн Сина 980-1037) Әбуәли ибн Сина  ( Abū ‘ Alī al- Ḥusayn ibn ‘ Abd Allāh ibn Sīnā ) ғалым,  пәлсапашы,  астроном. Толық аты-жөні  Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина ,  еуропалық дәстүр бойынша ол   Авиценна   деген атпен мәлім . Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық   мұра   қалдырып кетті : ертедегі деректерге қарасақ , ол 456 жуық еңбек жазды , бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті , ол еңбектер  поэзия мен философиядан бастап , геология  және   астрономияменаяқталып , білімнің барлық саласына арналған . Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер ,  ғалым   және   фармацепт   ретінде ие болды .

PowerPoint Presentation:

Алхимия дәуірі кезінде ашылған жаңа заттар Этил спирті Натрий гидроксиді Хлорсутек қышқылы Мышьяк Фосфор

PowerPoint Presentation:

Алхимиядан - химияға Парацельс 1493 - 1541 Парацельс  - (1493 - 1541 жж .) әйгілі алхимик,  ятрохимия   негізін қалаушы.    Оның шын есімі - Теофраст Бомбаст фон Гогонгейм . Парацельс Швейцарияда туған . 30 жасында дәрігер лауазымын иеленіп , медицина мен фармакология жайлы көптеген мақалалар жазған . Соңғы күндерін Зальцбургта кедейлікпен , аштықпен өткізген. Оның жаңалықтарына көптеген бәсеклестері қарсы тұрды. Оның өмірі жайлы мәліметттер аз. Жаңа заман адамдары оны Парацельс ( латынша - аса мейрімді адам ). Парацальс ғылым тарихына ятрохимияның ( иатрохимия ) негізін қалаушы ретінде кірді .

PowerPoint Presentation:

Андреас Либавий 1555 - 1616 Иоганн Глаубер 1604 - 1668 Ян ван Гельмонт 1579 - 1644

PowerPoint Presentation:

Роберт Бойль 1627 - 1691 Роберт Бойль  (1627 жыл , 25 қаңтар Лисмор , Ирландия - 1691 жыл 30 желтоқсан ) -ағылшын   физигі , әрі химигі . Роберт Бойль ғылыми қызмет i физика мен химия салаларына байланысты эксперименталдық әд i стерге нег i зделген және атомистикалық теорияны дамытты . 1660 ж. ол газ қысымының көлемге тәуелд i л i г i н анықтайтын заң тапты . 1654 ж. ол ғылымға денелер құрамының анализ i деген ұғым енг i зд i . Бойльд i ң б i р к i табы «Химик - скептик» деп аталған . 

PowerPoint Presentation:

1697 ж. неміс химигі Г.Э. Шталь флогистон теориясын ұсынды . ФЛОГИСТОН ( грекше phlog і stos — жанғыш ) деген мағынаны береді . Шталь флогистон оңай тұтанатын заттарда (май, көмір, күкірт, т.б.) көп болады , ал металл өртелгенде флогистон жоғалып қақ , топыраққа айналады деген тұжырым жасады .. Г.Э. Шталь 1659 - 1734 А. Л. Лавуазье 1743 - 1794 Антуан - француз химигі , Ол жаратылыстану пәндерін , химия, физиканы өз бетінше үйренген. Ол химиялық өзгерістерді зерттеуге сандық, әсіресе, дәл өлшеу әдістерін кең қолданды. Ол флогистон теориясын зерттеуді жалғастырып оның қате теория екендігін дәлелдеген .

PowerPoint Presentation:

Михаил Васильевич Ломоносов – орыстың ұлы   ғалымы ,   жаратылыстанушы ,  ақын, философ,  суретші,тарихшы ,  ағартушы. Оның зерт-теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім , астрономия салаларына жатады . Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды . М.В. Ломоносов  химиялық реакция  кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж.) жалпы негіздік сипатына назар аударды ; (1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық ) ілімінің негізін жариялады , ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды ; (1744-1748 ж.)  жылудың кинетикалық теориясын   ұсынды; (1747-1752 ж.)  химиялық   қ ұбылыс - тарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін « физикалық химия », тәжірибелік бөлімі үшін « техникалық химия » атауларын ұсынды . М. В. Ломоносов   1711-1765

PowerPoint Presentation:

Дмитрий Иванович Менделеев  – орыс химигі . Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химия,  химиялық технология, физика, экономика,  ауыл шаруашылығы,  метрология, т.б. салаларға арналған. Ол  изомерия  құбылысын зерттеп (1854 — 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал – ареометр  құрастырды (1859). “Органикалық химия” деген алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының  абсолют температурасын  (1860),  гидраттық теорияны  (1865 – 87), жаратылыстың негізгі заңдарының бірі –  периодтық заңды   ашты (1869). Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон – Менделеев теңдеулерін   шығарды .  Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877),  көмірді   жер астында газға айналдыру идеясын (1880) ұсынды . Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-Петербургте қайтыс болды . Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент менделевий аталды . Д. И. Менделеев 1834 - 197

PowerPoint Presentation:

Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі

PowerPoint Presentation:

Қазақстандық химик ғалымдар Б. А. Бірімжанов 1911 - 1985 Батырбек Ахметұлы Бірімжанов  - тұз түзілу теориясының авторы. Б. А. Бірімжанов -  Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы болған , табиғи   тұздар мен  тыңайтқыштардың   физикалық химиясы және технологиясын зерттеген ғалым . « Жалпы химия»  окулығының авторы.

PowerPoint Presentation:

Әбікен Бектұрұлы Бектұров Қазақстанда  химия  ғылымының негізін салушы , Республика Ғылым академия- сын алғаш ұйымдастырушылардың бірі , техника  ғылымдарының докторы , Қазақстан Ғылым академиясының академигі , профессор,  минералды тыңайткыштар ендіру жөніндегі әйгілі ғалым Әбікен Бектұрұлы Бектұров болды . Болат Ахметұлы Жұбанов – ҚҒА- ның академигі , Нью-Йорк Ғылым академиясының   мүшесі , химия ғылымдарының докторы , Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері , Қазақстандағы тұңғыш үлкен   молекулалы   химия кафедрасын ұйымдастырушы , сол салада жаңа   полимерлер   синтездеген дүние жүзіне әйгілі ғалым. Оның алған жаңа заттары   медицинада   дәрі-дәрмек ретінде өр түрлі ауруларды (туберкулез,  жүрек ауруы ,  ісік , т. б.) емдеуге қолданылуда

PowerPoint Presentation:

Әміреев Рақыш Әміреұлы – химия ғылымдарының докторы , халықаралық ақпараттандыру академиясы және Қазақстан республикасының табиғи ғылымдарының академиясының академиг i 1939 жылы 12 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келді . 1962 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді . 1967-197 жж . (Мәскеу қаласы ) СССР ҒА элементорганикалық қосылыстар аспирантурасында оқыды . 1971 ж. Мәскеу қ. кандидаттық диссертациясын қорғаған, докторлық диссертациясын 1987 ж. Минск қ . қорғаған. 2013 жылы « Құрметті кафедра меңгерушісі » атағы берілді . 2004-2008 жж .– С. Торайғыров атындағы ПМУ химия кафедрасының меңгерушісі . 2008 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы ПМУдың химия және химиялық технологиялар кафедрасының профессоры. Профессор Р.Ә. Әміреев 112 баспа жұмысын жариялаған ( ғылыми статиялар , оқу құралы , монография, СССР авторлық куәлік ). Ғылыми зерттеу саласы : органикалық химияны зерттеу . Оқытатын пәндері: «Органикалық және бейорганикалық химия», «Бос радикалдар химиясы », « Органикалық химия»     Әміреев Р . Ә .

PowerPoint Presentation:

Назар аударғандарыңызға РАХМЕТ!

authorStream Live Help