психологиялық тренинг

Views:
 
Category: Entertainment
     
 

Presentation Description

No description available.

Comments

Presentation Transcript

PowerPoint Presentation: 

Ақыл-кеңес қар сияқты: неғұрлым жұмсағырақ түскен сайын, соғұрлым ұзағырақ жатады және тереңірек енеді. К. С. Тейлор.

PowerPoint Presentation: 

Мақсаты: Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің қорытындысы негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына ата-аналармен бірлесе отырып психологиялық жағдай жасау Міндеті: - Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу; Ата-ана назарына оқушылармен жүргізілген психологиялық ағарту- дамыту жұмыстарымен таныстыру; Ата-ана мен бала арасында сүйіспеншілікті одан әрі дамыту;

PowerPoint Presentation: 

Ата-ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері: 1.Мектепке деген құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету; 2.Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау; 3.Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу; 4.Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу; 5.Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру; 6. Баланың сабағына қатысу; 7.Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету;

PowerPoint Presentation: 

«Баланың алдында ата-ана қандай болу керек?» - Тәрбиелі, мәдениетті; - Жан-жақты, күнделікті өмір жаңалықтарынан хабардар ; - Бала алдында жат қылықтар көрсетпеу , яғни дөрекі сөйлемеу , ұ рыспау себебі , күнделікті мұндай кикілжіңнен бала жасық болып өседі . - Ішімдік ішпеу , ар ты қ сөйлемеу яғни, біреуді жамандамау, өсек айтпау;

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды....: 

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды....

PowerPoint Presentation: 

Мен қуанамын... Мен ренжимін... Мен армандаймын... Мен уайымдаймын... Ата-анамыз бақытты болғанда; Ата-анамыз әрқашан аман болып жүргенде; Ата-анамыздың көңіл-күйлері көтеріңкі болғанда, мені еркелеткенде ; - әкеммен бірге балық аулауға барғанда; Ата-анамның осы өмірде бар болғанына, бізге шуағын шашып жарық бергендеріне; Маған күтпеген жерден сыйлық жасағанда; олармен бірге қонаққа барғанда; Анам жұмыстан ерте келгенде; Ата-анамның жалақысы көп болғанда; Кішкентай болғанда мамам менің туған күніме басыма қалпақ кигізетін мен сонда қатты қуандым Ата-анам қиын жағдайға тап болғанда; Ата-анам мені кей жағдайларда дұрыс түсінбегенде; Ата-анам кейде мені қолдамаған кезде; Ата-анам менімен бірге ақылдасып, бірге шешім қабылдамаған кезде; ата-анам ұрысса, дауласса, ренжіссе; мен “3”алып калғанда ата-анам ренжиді, ал мен өзіме ренжимін; ешқашан ренжімеймін; менімен серуендеуге шықпаса, маған көңіл бөлмесе ренжеймін; маған еш себепсіз айқайлап ұрысқанда ренжимін; олар бір жаққа кеткенде мені үйде қалдырады, мен ренжеймін; Әрқашан отбасымда аманшылық болғанын; Ата-анамның әрқашан жанымда болғанын, ұзақ өмір сүргендерін; Ер жетіп ата-анамның қамқоршысы, қолғанаты болуға; Ата-анамның махаббаттарының ешқашан ажырамағанын; Ақша жағынан ата-анам қиналмай, жалақылары көбейгенін; әкем облыс әкімі болғанын; Ата-анам екеуі де президент болса; ауырмай, шексіз өмір сүрсе; ата-анам әдемі киім киіп әрқашан әдемі болып жүргенін; анама жаңа машина сатып бергім келеді; Ата-анамның бір-бірімен ренжісіп,көңіл-күйі лері болмаса; Ауырып қалса; Ата-анам менен қашықтықта болса келмей қала ма деп; Осы жылғы оқуымды дұрыс аяқтай алмай, ата-анамды ренжітіп аламын ба деп; Маған артқан үміттерін ақтай алмай қаламын ба деп; анам мен әкемді ренжітіп алсам уайымдаймын.

Ата-ананың “айналайынынан” гөрі, ұстаздың тегеурінді талабы баланың болашағына көп пайдасын тигізерін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр. ХХІ ғасыр – білім ғасыры, сапалы білімге талап күшейе түскен қазіргі таңда ұстаздың қатаң қадағалауы керек-ақ. Сондықтан “ұстазы балама қатал талап қояды” деген ойдан аулақ болып, мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатып, жақсы нәтижеге жетуге бірге атсалысыңыздар. : 

Ата-ананың “ айналайынынан” гөрі, ұстаздың тегеурінді талабы баланың болашағына көп пайдасын тигізерін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр. ХХІ ғасыр – білім ғасыры, сапалы білімге талап күшейе түскен қазіргі таңда ұстаздың қатаң қадағалауы керек-ақ. Сондықтан “ұстазы балама қатал талап қояды” деген ойдан аулақ болып, мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатып, жақсы нәтижеге жетуге бірге атсалысыңыздар.

PowerPoint Presentation: 

Мен өзімнің мұғалімімді жақсы көремін, себебі ол.... Мұғалім бұл- Мен қалар едім мұғалімнің.... Мен мұғалімді тыңдаймын, себебі ол... Маған мұғалімнің бойында ұнайтын қасиеті... Маған мұғалімнің бойында ұнамайтын қасиеті... Тамаша кісі; өте мейірімді; ақылды; инабатты Талапшыл; сабақты жақсы түсіндіреді; ең жақсы мұғалім; сабақты өте қызықты өткізеді; Екінші анамыз; сабақ; ең білгіш адам; асыл жан; Шыншыл, әділ, талапшыл болғанын; өмірі сәнді де, мәнді болғанын; сабақты жақсы түсіндіргенін; жақсы баға қойғанын; өмірі жақсы болғанын; Өте жақсы кісі; сабақты жақсы түсіндіреді; мен үшін қымбат жан; бізді әрқашан бауырына тартып жүреді; ұрыспайды; маған күлімсіреп қарайды; әділ де шыншыл адам; мені мақтайды; әрқашан көңілді болып жүреді; Кейде қатал болғанда; сабаққа келмегенде; менен сабақ сұрамағанда; көңілі жоқ болғанда;

3 «А» сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерінің дамуына байланысты алынған әдістеменің қорытынды нәтижесі: 

3 «А» сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерінің дамуына байланысты алынған әдістеменің қорытынды нәтижесі 15 39 87 28 94 65 79 46 83 17 43 52 Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту Әдістеменің жұмыс істеу нұсқасы:

Нәтижені өңдеу диаграммасы:: 

Нәтижені өңдеу диаграммасы:

3« А» сынып оқушыларының интеллектуалдық ақыл- ой дамуының деңгейін анықтауға арналған әдістеменің нәтижесі: 

3« А» сынып оқушыларының интеллектуалдық ақыл- ой дамуының деңгейін анықтауға арналған әдістеменің нәтижесі Әдістемеге сипаттама: Бұл психологиялық тест сендердің ақыл- ой дамуының деңгейін анықтауға арналған. Бұл тест тапсырма анаграмма ретінде берілген. Яғни, әріптердің орындары ауыстырылып берілген сөздерден мағыналы сөз шығаруымыз керек. Мысалы: «Олтс» сөзіндегі әріптердің орнын ауыстырсақ «Стол» сөзі шығады. Әдістеме мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық ақыл- ой дамуының деңгейін анықтау, дамыту және жинақтауды меңгерту.

Әдістемемен жұмыс істеу нұсқасы: берілген анаграммалар бойынша қандай сөздер берілгенін табыңыз.: 

Әдістемемен жұмыс істеу нұсқасы: берілген анаграммалар бойынша қандай сөздер берілгенін табыңыз. № Тапсырмалар Дұрыс жауаптар 1 Епес Есеп 2 Әмеді Әдемі 3 Раман Арман 4 Ғайдаж Жағдай 5 Рамғита Ғимарат 6 Қырындо Орындық 7 Абыртқыл Батырлық 8 Кешдешін Шешендік 9 Таспырам Тапсырма 10 Айғайзан Найзағай

3 «А» сынып оқушыларының интеллектуалдық ақыл-ой дамуының деңгейін анықтауға арналған әдістеменің нәтижесі: 

3 «А» сынып оқушыларының интеллектуалдық ақыл-ой дамуының деңгейін анықтауға арналған әдістеменің нәтижесі Жалпы ұғымды анықтау . Әдістемемен жұмыс істеу нұсқауы: Әр тапсырмадағы берiлген сөздердi бiр атаумен атаңыз. Мысалы: Бұлтты, жауын-шашын – атмосфералық құбылыс 1. Жайын , сазан - ? 2. Сыпырғыш, күрек - ? 3. Қыс, жаз - ? 4. Қияр, қызанақ - ? 5. Қарағай, жаңғақ ағашы-? 6. Шкаф, диван - ? 7. Шiлде , маусым - ? 8. Күн, түн - ? 9. Пiл , қасқар - ? 10.Ағаш, гүл - ?

Нәтижелерді өңдеу диаграммасы: 

Нәтижелерді өңдеу диаграммасы

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар. Талдау: 1. Өз балаңыздың суретін қалай таптыңыз? 2. балаңыздың суретін табу қиын болды ма? 3.балаңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?: 

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар. Талдау: 1. Өз балаңыздың суретін қалай таптыңыз? 2. балаңыздың суретін табу қиын болды ма? 3.балаңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? Мама- Папа, бұл менің сүйікті суретім!!!

Аяқталмаған сөйлем: - Егер баланы үнемі сынап отырса, ... - Егер балаға үнемі күлсе, ... - Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... - Егер бала төзімділікте өссе, ... - Егер бала адалдықта өссе, ... - Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... - Егер бала кекшілдікте өссе, ... - Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... : 

Аяқталмаған сөйлем: - Егер баланы үнемі сынап отырса, ... - Егер балаға үнемі күлсе, ... - Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... - Егер бала төзімділікте өссе, ... - Егер бала адалдықта өссе, ... - Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... - Егер бала кекшілдікте өссе, ... - Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...

Дұрыс жауаптары:: 

Дұрыс жауаптары: - Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды). - Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді). - Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды). - Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады). - Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді). - Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды). - Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі) - Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

Кінәлі сөздер...: 

Кінәлі сөздер... Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің. Неге сен басқа балалардай емессің? Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады. Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады: «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама». «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек. Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

PowerPoint Presentation: 

ЖЕКЕ  ТҰЛҒАНЫ  “БАЛАНЫҢ  БАС  ҰСТАЗЫ –  АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ Ата – аналарға кеңес 1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз. 3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса. 4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету. 5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз. 8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз. 11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз. 12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз. 14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз. 15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз. 16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз. 17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз. 18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз. 19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз. 20. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 21. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз. 22. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 23. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар. 24. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. 25. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

PowerPoint Presentation: 

Шегенің ізі

PowerPoint Presentation: 

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.

PowerPoint Presentation: 

А лғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды то лтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.

PowerPoint Presentation: 

Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра.

PowerPoint Presentation: 

Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар , еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні , ащы да болса ақиқат . «Алдыңа келсе , атаңның айыбын кеш » деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. « Бір ашуыңды маған бер », « Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», « Бір білместік өтті» , егер бала болса « ісінің шалалығы » деп , жас болса « жастық шақта кімнің басынан не өтпейді » деп , үлкен кісі болса « жаңылмайтын жақ , сүрінбейтін тұяқ бола ма » деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге , араларын татуластыруға , артын тым ушықтырмауға тырысқан .

PowerPoint Presentation: 

Қорытынды: Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік! Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінін оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздыр. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата-аналармен қоштасамыз.

PowerPoint Presentation: 

- Ата-аналар жиналысының өтілуі, тренинг барысын 1-5 балл аралығындна бағалаңыз: - Өзіңізге пайдалы мәлімет ала алдыңыз ба? - Қандай әсер алдыңыз? Сіздің тілегіңіз бен ұсынысыңыз: Рефлексия Алдын - ала алғысымызды білдіреміз!

PowerPoint Presentation: 

Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет !